Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі кімге бұйырады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі кімге бұйырады?

Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі кімге бұйырады?

Тоғыз номинация бойынша жеңімпаздардың есімі 30 қарашада жүлдені тапсыру салтанатында белгілі болады

  • 22 Қараша 2017
  • 955
Фото - Caravan.kz

Ұлттық спорттық жүлде – 2017 номинанттары үшін 100 мыңнан астам дауыс берілді, алайда қазақстандықтар дауыс беру біткенше осы жүлденің иегерлерін анықтауға ат салыса алады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Ұлттық спорттық жүлде – 2017 дауыс берудің басталғаны туралы биыл қараша айының басында айтылған болатын. Қараша айы бойы әр қазақстандық үздік деп санаған спортшысына дауыс бере алды деп хабарланған.

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен ұсынылып отырған жүлде биыл үшінші рет өткелі отыр. Көрермендердің дауыс беруімен, телевизиялық жаңа форматта ұйымдастырылмақшы. Дауыс беру процесі тоғыз номинация бойынша ҚР ҰОК сайтында жүріп жатыр. 

Әр номинация бойынша көшбасшылар белгілі болды, бірақ бір апта ішінде үлкен өзгерістер орын алуы ғажап емес. 


Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:

1. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"

2. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"

3. "Үздік жас спортшы"

4. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы"

5. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы"

6. "Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация"

7. "Үздік спорттық өңір" қалалар мен облыстардың денешынықтыру және спорт басқармалары)

8. "Жыл жаңалығы "

9. "Жылдың үздік командасы "

Салтанатты түрде қорытынды шығару 2017 жылы 30 қарашада өтеді. 

Соңғы жаңалықтар