Әскери бөлім командирлерінен үнемі ақша бопсалаған арнайы қызмет өкілдерінің есімдері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери бөлім командирлерінен үнемі ақша бопсалаған арнайы қызмет өкілдерінің есімдері белгілі болды

Әскери бөлім командирлерінен үнемі ақша бопсалаған арнайы қызмет өкілдерінің есімдері белгілі болды

Бопсалау дерегі бойынша арнайы қызмет офицерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

  • 25 Наурыз 2022
  • 675
Фото - Caravan.kz

Әскери бөлім командирлерінен тұрақты түрде ақша бопсалаған арнайы қызмет өкілдерінің есімдері белгілі болды. Солардың біріне қатысты «Караванда» мақала жарияланғаннан кейін 26 беттен тұратын материал қазірдің өзінде ҰҚК төрағасына қылмыстық іс қозғап, шұғыл шара қолдану мақсатында жолданған.

Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері әскери бөлім командирлерінен ақша талап етеді – полковник

 

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Каравандағы» атышулы мақалаға қатысты бірден әрекет етті. Оның нұсқауымен Алматы гарнизонының әскери полициясы бұрынғы бригада командирі полковник Асхат Әбдуаитовтың арызын қабылдады.

 

– Мақала жарияланғаннан кейін әскери полиция өкілі жұмысыма бірден келіп, болып жатқан барлық оқиғаны қағаз бетіне түсіруді ұсынды, – дейді Асхат Әбдуаитов.

– Яғни, ақша бопсалағандарға қатысты арнайы арыз жаз деді ма?

— Йә, дәл солай. Мақалада есімдер көрсетілмеген. Мысалы онда Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, сол гарнизонның ІІМ Әскери-тергеу басқармасы бөлімінің бастығы жоқ… Шымкент гарнизонындағы командирлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған және түрлі қызметтерді атқарған басқа да лауазымды тұлғалар аталмаған.

Сіздердің газетіңізді көптен бері оқып келемін және оның қаншалықты танымал екенін білемін. Сіздердің басты ұстанымыңыз — ағымдағы оқиғаларды шынайы көрсету деп білемін. «Караваннан» әділетсіздік пен заңсыздыққа қатысты көптеген мақалаларды оқыдым. Сондықтан оның бас редакторы Игорь Олегович Шахновичке хат жаздым.

– Асхат, біздің қазіргі әскердің жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның моральдық рухы туралы не айтасыз?

– Әскери қызметшілердің бірыңғай оқуы жақсы жолға қойылған. Жалпы армия жауынгерлік тұрғыда дайын. Бірақ идеология мен патриотизм, меніңше сөз бен қағаз жүзінде ғана бар. Бірде мен саяси мәселелер бойынша орынбасарыма айттым: кез келген мешітке барып қара, одан да дұрысы молдалардың қалай уағыз айтатынын, қалай «жандырып», адамдарды қалай ынталандыратынын тыңда. Патриоттық сезімді мектептен, тіпті балабақшадан бастап тәрбиелеу керек. Әскерге келісім-шарт бойынша келген сарбаздың өмірге деген көзқарасы қалыптасқан, ал мерзімді әскери қызметші, әдетте, әскери билет үшін келеді. Келісім-шарттағы сарбаз да, әскерге шақырылған жауынгер де ықтимал жаудың үгіт-насихатының әсеріне психологиялық тұрғыда тұрақсыз. Биік мінберден командирлер мықты сөздер айтады, патриоттыққа шақырады, бірақ ол біз қалағандай бәріне жете бермейді.

— Сіздің ойыңызша, армиямыз мықты болуы үшін
алдымен нені шешу керек немесе тез арада нені түзету керек?

– Барлық деңгейдегі командирлерге деген сенімсіздіктен арылу керек. Бірде Қорғаныс министрі менен бұл туралы сұрады.

– Бұл туралы сізден қорғаныс министрлерінің қайсысы сұрады?

– Иманғали Тасмағамбетов әскери бөлім командирлерінің жұмысында нені өзгерту керектігіне қызығушылық танытты. Әңгімеміз оның тікұшағының бортында болды, ол оқу-жаттығулардың барысын және менің полкімнің жауынгерлік дайындық дабылы бойынша кенеттен тексеру үшін ұшып келгенде болды. Мен одан кейін Қорғаныс министріне Бас штабтың инспекторлары командирлерге сенуді үйренсе жақсы болатынын айттым. Бізде қару-жарақтың негізгі түрлерінен практикалық ату кезінде жаттығуға бөлімше командирі қатысуы керек. Сондықтан батальон командирі мен рота командирінің рөлі бірден төмендейді. Қарулы бөлімшені нақты басқару қажет болған жаттығуларда бөлімше командирінің емес, взвод пен рота командирінің дауысы естілу керек. Сонда кіші командирлер өз бөлімшелерін басқару қабілетін дамытады, ал қол астындағылар оның барлық бұйрықтарын сөзсіз орындайды. Отряд, взвод, рота және батальон командирлері өз бетінше шешім қабылдаудан қорықпауы керек және тәжірибелік жаттығулар кезінде аға командирлер мұны олар үшін жасайды деп күтпеу керек.

Еске салмсақ, бұған дейін наурыз айындың басында "Караванда" полковник Асхат Әбдуаитовтың сұхбаты шығып, онда арнайы қызмет өкілдерінің әскерилерден ақша бопсалайтыны жайлы айтылған еді. Онда мынадай сөздер бар:

Болған жайтты еш жасырмай баяндау

«…Бір апта бойы мені экс-Қорғаныс министрі, генерал М.Қ.Бектанов пен М.Р.Хұсайыновқа қатысты арандатушылық әрекетке қатысуға көндіруге тырысты. Уақытында ұйықтатпай, тіпті қарапайым дәретханаға да баруға рұқсат бермеді. Сөзден жаңылыстыруға тырысты, әйеліңді жауапқа тартамыздеп қорқытуға талпынды. Мен — офицермін! Біреуге,бала, біреуге әкемін! Отбасым — мен үшін ең қасиетті нәрсе. Мен өз-өзіме қол жұмсауға немесе түрмеге түсуге дайын болдым, отбасымды погон таққан құбыжықтардан, осы лас ойындарға араластырмас үшін. Мен әскери қарсы барлау басқармасының қызметкерлерінің айтқанына көніп, М.Р.Хусаиновқа ақша әкеліп, бір жерге салып кетуге келіспедім. Оған М.Қ.Бектанов пен М.Р.Хусайыновтың қандай қатысы бар деп ойлайсыз ба? Құқық қорғау органдарына Қарулы Күштердің генералдарын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұстау қажет болды. Мен келіскенде, бұл орын алар еді. Бірақ Бектановтың да, Хусайыновтың да бұған еш қатысы жоқ және олар ешқашан ақша сұраған емес».

Соңғы жаңалықтар