Ғабит Нұрханұлы: МӘМС - Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі ең батыл қадамдардың бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғабит Нұрханұлы: МӘМС - Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі ең батыл қадамдардың бірі

Ғабит Нұрханұлы: МӘМС - Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі ең батыл қадамдардың бірі

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.

  • 19 Қараша 2021
  • 681
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісі Инфекциялық аурулар орталығының анестезиолог-реаниматологы Рысбаев Ғабит Нұрханұлымен сұхбаттасты.

— Ғабит мырза! Өзіңізді таныстырып өтсеңіз…

— Мен Рысбаев Ғабит Нұрханұлы. Қазақ-Түрік университетінің медицина факультетін тәмәмдадым. Қазіргі таңда Астана қаласында 2019 жылдан бері Инфекциялық аурулар орталығын бірінші категориялы анестезолог-реаниматолог қызметін атқарып келемін. Бұған дейін де бірнеше ауруханаларда жұмыс жасадым. Онымен қоса, шетелде яғни, Германияда екі жыл өз салам бойынша қызмет жасадым.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы айтсаңыз. Халық қалай қабылдады?

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәуелсіздікті алғанымыздан, яғни, 30 жылдан бергі болған ең шешуші батыл қадамдардың бірі болды. Бұған дейін халықтың түсінігінде бәрі тегін деген түсінік болды. Медициналық сақтандыруға төлеу ешқашан болмаған еді. Екінші түсінік, сапасыз деген түсінік қалыптасып қалған. Яғни, сақтандыруға ақша төлемегендіктен, тегін болғандықтан дұрыс қарамайды деген түсінік болып қалған. Ақылы емханаға барып қаралу сапалы болып көрінетін. Ол да дұрыс шығар, әркімнің өз таңдауы болғандықтан шектеу қойылмайды.

Бірақ, халық енді ғана түсініп келе жатқандығын білеміз. «Не үшін сақтандыруды төлеп отырмын» деу арқылы, өзінің құқығын біледі. Яғни, өзі төлеп отырған қаражатпен емделудің мәнін түсінуде. Біздің елімізде сақтандыруға небәрі үш пайыз ғана құрайды. Соның екі пайызын адамның өзі төлейді да, бір пайызын жұмыс беруші, яғни, жұмыс орны төлейді. Бір адамның айлығын орташа есеппен екі жүз мың деп алсақ, оның екі мың теңгесі ғана ай сайынға көп ақша емес. Мәселен, дамыған мемлекеттерді айтар болсақ, медициналық сақтандыруға 15 пайыз төлейді. Енді осыны салыстырар болсақ, 15 пайыз бен 3 пайыздың арасында өте үлкен айырмашылық бар. Бірақ, 15 пайыз төлейтін елдерде дәрі-дәрмек қоса қарастырылған. Бізде ол жағы әлі қарастырылмады. Ол да уақыт өте енгізіледі деп ойлаймын. Әрине, бұл ауруханаларда мүлде дәрі берілмейді деген сөз емес. Өзінің берілетін белгілі бір мөлшері бар.

— Азаматтар медициналық ұйымдарда қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болғанда, көбінесе өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керектігін білмейді. Осы жөнінде не айтасыз?

— Жоғары айтып өткенімдей, әр азамат өз құқығын білуі тиіс. Оған халық енді үйренісіп келе жатыр. Сақтандырудың пайызын көбейтетін болса ол әр емделушінің ауруханадағы кереуеттері де жаңарар еді. Яғни, сол баяғы ауруханадағы ескі кереуетте жатып емес, жаңарған үлгідегі орындарда ем алатын болады. Мәселен, автокөлікте де сақтандырамыз ғой. Сол үшін қандай да бір жағдай болғанда, көлікті сақтандырған орынға апарып жасататынымыз сияқты, адам да да өзін-өзі сақтандыру арқылы ауырған жағдайда тегін емделе алады. Ол үшін әр азамат өз құқығын біліп, жемқорлыққа жол бермеу керек. Бізде адамдар дәрігерлерге өздері апарып ақша беріп жатады. Бұл дегеніңіз жемқорлыққа итермелеу болып табылады.

Мединицалық сақтандыруды төлеген адам, өз құқығын қорғайды. Және де тегін ем қабылдай алады.


— Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы бойынша сақтандырылған азаматтарға, мысалы, іс сапармен келгендерге, демалыстағы адамдарға медициналық қызметтер көрсетіле ме? Әлде тек тіркелген тұрғылықты жері бойынша ғана медициналық көмек көрсетіле ме?

— Егер өз емханаңызға тіркелген болсаңыз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  пакеті шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер ұсынылады.

Ал, егер сіз Қазақстан аумағында іс-сапарға немесе еңбек демалысына байланысты жүрсеңіз кез-келген мемлекеттік емханадан немесе ауруханадан  тегін көрсетілетін шұғыл медициналық көмек ала аласыз. Ал, одан әрі жоспарлы емді тіркелген жеріңіз бойынша өз емханаңыздан ем аласыз.

Егер сіз іс-сапарға немесе демалысқа байланысты шетелде жүрген болсаңыз, сол елдің аумағында жүрген уақыт аралығына, сол мемлекетте қолданылатын ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуға тиіссіз. ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті өзге елдер аумағында қолданылмайды.

— МӘМС кезінде төлеуші қайтыс болған жағдайда жиналған қаражатты туыстарына беру қарастырылған ба?

— Дұрыс, сұрағыңыз орынды. Бұл да бір көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ деп білемін. Жоқ, бұл жағы қарастырылмаған. Себебі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес. Әрбір төлеушінің жарналарының сомасына қарамастан, тұрғын халықтың барлық санаты медициналық қызметтерге біркелкі қол жеткізе алады.

— Сақтандырылған адам МӘМС жүйесінде республикадан тысқары жерде тегін емделе алады ма?

— Жоқ, әрине. Ол жағы әлі қарастырылмаған. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы аумағында ғана көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлейді.

Соңғы жаңалықтар