Мектебімізге екі жарым жастағы баланы қабылдай береміз - Балет мектебінің ұстазы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектебімізге екі жарым жастағы баланы қабылдай береміз - Балет мектебінің ұстазы

Мектебімізге екі жарым жастағы баланы қабылдай береміз - Балет мектебінің ұстазы

Классикалық балет-сұлулық сарайы, ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене кимылымен көрсетеді.  

  • 25 Наурыз 2022
  • 105
Фото - Caravan.kz

Ал адамдардың балетке, жалпы, биге деген махаббаты бала кезінен ашыла бастайды. Бала жасынан бастап биге деген құлшыныс, ұшқын, қызығушылық пайда болса, оны сөндіру өте қиын. Қазіргі таңда баланың өсіп дамуына байланысты түрлі үйірмелер бар. Соның ішінде, Алматы қаласының Copellia балет мектебінің негізін қалаушысы Цыкунов Виталий Викторович Caravan.kz тілшісімен сұхбаттасты.

— Copellia балет мектебінің ашылғанына қанша уақыт болды? Қазіргі таңда қанша шәкірт білім алуда? Жалпы балет мектебіне бір шолу жасасаңыз.

— Copellia балет мектебі 2017 жылы ашылған. Айтпақшы, осы жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы алғашқы филиалының ашылғанына 5 жыл болады. Біздің балет мектебінде жүздеген бала би үйренеді. Біз 2 жастан, 14 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Сабақтар 45-60 минуттан өтеді. Топтардағы адам саны 10-15 адам. Баланың жасына қарай 4 топқа бөлеміз: 2-3 жастағы топтар, 4-5 жастағы топтар, 6-8 жастағы топтар, 9-14 жастағы топтар. Ата-аналар жас бишілердің қуанышқа толы жүзедіріне көріп, өз бүлдіршіндерін Copellia балет мектебіне қуана береді.

— Мектептің жетістіктері туралы айтып берсеңіз. Ол басқа балет үйірмелерінен несімен ерекшеленеді?

— Біздің тәрбиеленушілеріміз халықаралық және республикалық конкурстарда өнер көрсетеді. Байқауларда жоғары марапаттар, гран-при, бірінші орындарға ие болады. Оқушыларымыз Қазақстан, мектеп атынан басқа қалалар мен елдерге барып өнер көрсетеді. Біздің мектепте тек тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Бұл сіздің балаңызбен сахналық тәжірибесі бар кәсіпқой педагог жұмыс істейді дегенді білдіреді. Барлық оқытушылар тұрақты түрде аттестациядан және оқытудан өтіп, өз деңгейін дәлелдеген. Оқыту үрдісінің методикасы кішкентай оқушылардың мүмкіндіктері мен назар аударту техникасын есепке ала отырып жасалған. Біз балет мектебінде сиқыр мен мереке атмосферасын жасап оны ұстап тұруға тырысамыз. Балалар шаралар мен қойылымдарды тағатсыздана күтеді.

— Екі жарым жастағы бүлдіршінді үйірмеге қабылдайды екенсіздер. Сол туралы айта кетсеңіз. Баланы балетке қалай жаттықтырасыз?

— Ия, біз мектебімізге екі жарым жастағы балаларды қабылдай береміз. Әрине, мұндай балалармен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан сабақтар 45 минуттан өтеді. 45 минуттың ішінде балалар ойын түрінде би қимылдарынан бастап, ары қарай толық биді үйренеді. Сондықтан да өзіміз үшін "неғұрлым ертерек — соғұрлым жақсы" қағидасын ұстанамыз. Оқыту үрдісінің методикасы кішкентай оқушылардың дене мүмкіндіктері мен назар аударту техникасын есепке ала отырып жасалған. Сабақтар бұлшық ет-сүйектің нығаюына, музыкалық естудің дамуына, ой-өрістің кеңеюіне, балеттің сиқырлы әлемімен, классикалық музыкамен танысуға бағытталған. Сабақтарға актерлік шеберлік бойынша жаттығулар енгізілген. Ерте жастан жан-жақты дамыту балалардың денесінің дамуы мен олардың талантын анықтауға көмектеседі. Біздің мектепте бала өнердің бір түрі ретінде — балетпен танысады, әдемі қимылдауды, "арқасын тік ұстауға" үйренеді. Біздің барлық сабақтарымызда қосылатын классикалық музыка туралы көп мағлұмат алады.

— Шәкірттеріңіз Республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысады екен. Байқаулардан алған жүлделі орындар жайлы тоқталсаңыз.

— Әрине,  жас бишілеріміз міндетті түрде Республикалық және Халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысады, қалалық шараларға қатысады. Конкурстардан бөлек, біз жыл сайын оқушылар мен ата-аналар үшін есептік, Жаңа жылдық концерттерін өткіземіз. Бұл біздің мектеп үшін үлкен мереке, балалар бір жыл ішінде үйренген билерін тамашалап, нәтижелерін көрсетеді. Біздің оқушылар мынадай байқауларға қатысқан: «Бірінші қадамдар» республикалық байқау-фестивалі, «Art ұрпағы» лауреаттары, «Steps to the stars» халықаралық байқау-фестивалі және т.б. Ал шетелдік байқауларға тоқталсақ, біздің оқушыларымыз Чехия, Прага елдерінде Қазақстан Республикасының атын шығарып, жүлделі орындарға ие болды.

— Сіздің мектебіңіздің  басты мақсаты, философиясы қандай?

— Атап айтқанда, өнерді, балетті насихаттау, жас ұрпақты сауықтыру. Біз балет мектебінде сиқыр мен мереке атмосферасын жасап оны ұстап тұруға тырысамыз. Қазақстанның әрбір үлкен қаласында нағыз жақсы классикалық би мектебінің қолжетімділігі, өсіп келе жатқан ұрпақтың тұтастай мәдениеттілігінің, білімділігінің және эстетикалық тәрбиесінің бір сатыға көтеру. Ерте жастан бастап баланың денелік және рухани тәрбие, мінсіз тұлға мен мінсіз әсемдік сезімі, әдемі жүріс пен сымбаттылықты қалыптастыруға әрқашанда дайынбыз.

— Сұхбатыңызға рахмет! 

Соңғы жаңалықтар