Жарияланды: 1200

1 ақпаннан бастап теміржол вокзалында жолаушылар мен жүктерді қатаң тексереді

1 ақпаннан бастап теміржол вокзалында жолаушылар мен жүктерді қатаң тексереді Сурет - РИА Новости

Қазақстанның теміржол вокзалдарында жолаушылар мен жүктерді тексеру қызметі енгізілді.

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанның теміржол вокзалдарындағы жолаушылар мен жүктерді тексеру қызметі террорға қарсы қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

“Аталмыш тексеріс кезең-кезең бойынша жүргізіледі: 1 ақпаннан бастап – Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарында, 1 сәуірден – Астана вокзалы, 1 маусымнан – қалған 13 теміржол вокзалында. Бұл мақсатта 56 арнайы тексеру қондырғы кешені алынды”, – деп хабарлады ҚТЖ магистралды желі дирекциясы шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Осыған байланысты, жолаушылар вокзалға уақытынан ерте келуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін