1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні

Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

  • 3 Сәуiр
  • 138758
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

1 мамыр мерекесіне өлеңдер мен тақпақтар:

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

*******

Әр алуан тірлікпен

Әлемде жатыр мыңдап ел.

Айнымас достық, бірліктің

Аймағын көрсең, мұнда кел!…

 

Теңсіздік терең көмілді,

Шаттықтан шалқып өнді үнім,

Баршасы мұнда көңілді

Ақ, қара, сары өңдінің…

 

Артықша таза моральды

Ақ, қара жігі, қыз қандай!

Махаббат қайта жаралды,

Жүректен жүрек қызғанбай.

 

Күндерден ортақ сыбаға,

Күресте дайым біргеміз.

Арада жол жоқ сынаға,

Мәрмәрдай тұтас іргеміз.

 

Өлкемде өлмес тірі аңыз

Қалады жаздан, қыстан да.

Жұрағат жұрттар тұрамыз

Осындай Қазақстанда…
********

Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,

«Әйт ! Әйт !» десе қырқысардай жағдайың.

 

Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай,

Қалпақпенен ұрып алды…..

Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын,

Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.

 

Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!

Аса түссін бибітшілік жағдайың.

Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол,

Алатаудай мызғымайтын сынбайтын!

 

Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!

 

*****

Әуелі етіп білік басыңды қос,

Соннан соң әр мұраттан қалмассың бос.

Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,

Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар …»

Болады тұрсң тұтас дұшпан да дос.

Алатауың ала болып тұрған күнде,

Асыңның ауызыңдағы кетуін тос.

Таласты алалықпен тастамасаң,

Бір күні туған жерге айтарсың «қош».

Бірлікпен илеу салған құмырысқа да

Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.                                        авт. Сәбит Дөнентаев (Бірлік)
 

*********

                                           
Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір Отанда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

***********

Алтай, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

********

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер.

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

**********

 

                               Құттықтау — тілек: 1 Мамыр — Бірлік, Ынтымақ күні



"Бірлік бар жерде — тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

                           **********

 
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.
 
                           **********
 
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!

                           *********

 
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

                            *************

 
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

                            *************

 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 2017 жылы «Бенефис-шоу» мерекелік кеш өткізді.