Жарияланды: 20

1 мамырға арналған ауа райы болжамы

1 мамырға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Синоптиктер сенбі, яғни 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Батыс антициклон жотасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түседі», - делінген хабарламада.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, таңертең және күндіз желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысының шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін