Жарияланды: 30

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда балабақшалар өз жұмысын бастайды

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда балабақшалар өз жұмысын бастайды Сурет - Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан білім басқармасы 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штаттық режимде жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан "кезекші топ" режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және ата-аналардың қалауы бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады", - деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады.

"1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланып отыр", - деді Қадырова.

Елордада 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 55 708 бала оқиды. Оның ішінде: 94 - мемлекеттік, 237 - жекеменшік балабақша, оның ішінде 214 - мемлекеттік білім беру тапсырысы, 43 - шағын орталық, 3 - ведомстволық ұйым. Орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында 3 485 бала білім алады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін