1 қаңтардан бастап қазақстандық балалар мемлекеттен жәрдемақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қаңтардан бастап қазақстандық балалар мемлекеттен жәрдемақы алады

1 қаңтардан бастап қазақстандық балалар мемлекеттен жәрдемақы алады

 

  • 24 Мамыр 2023
  • 42
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс депутаттарының Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кіріскенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" порталына сілтеме жасап.

Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асады. Жаңа заң Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленуде.

"Бұл – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі.  Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын" деп жазды Ерлан Қарин.


«Ұлттық қор – балаларға» жобасыжас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар