1 қарашадан бастап азаматтарды тіркеу жеңілдетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қарашадан бастап азаматтарды тіркеу жеңілдетіледі

1 қарашадан бастап азаматтарды тіркеу жеңілдетіледі

ҚР Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігі және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге тұрғындарды жергілікті жері бойынша тіркеу шараларын оңайлатты.

  • 31 Қазан 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.      

Ол үшін пилоттық тексеруден табысты өткен ақпараттық жүйе біріктірілген. Енді азаматтарға тіркелу кезінде тұрғын үйге иелік құқығын растайтын құжаттарды немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді. 

Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу кодының негізінде енгізілетін болады. Жаңа механизм ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап республиканың барлық өңірлерінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істей бастайды.


 

Соңғы жаңалықтар