1 қыркүйекте 2,6 млн оқушы мектепке барады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қыркүйекте 2,6 млн оқушы мектепке барады

1 қыркүйекте 2,6 млн оқушы мектепке барады

Алдағы уақытта Қазақстанда оқушылардың саны жыл сайын 50 мыңға артып отырады.

  • 25 Тамыз 2014
  • 689
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай деп мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылына жан-жақты дайындық жүргізілді. Мектеп салу мәселесіне келсек, бүгінде елімізде 7649 мектеп бар. Болжамдарға сүйенсек, биылғы жылы мектепте білім алатын оқушылар саны 2 млн 600-ге жетпек. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 69 мыңға артық», — деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Статистика мамандарының мәліметінше, бұл үрдіс алдағы жылдары да сақталуы тиіс. Яғни, жыл сайын контингент шамамен 50 мың адамға артып отырмақ, дейді А.Сәрінжіпов.

Министрдің айтуынша, «оқу жылының қарсаңында іске қосылатын 76 жаңа мектептің 14-і салынып біткен, қалған 62-сі 1-қыркүйекте ашылады».


«Яғни, демографиялық өсімді қамтамасыз етіп отырамыз. 2014/2015 оқу жылында қосымша тағы 153 жаңа мектеп ашылады. Оның 73-і республикалық бюджет қаржысына салынады.

Оқу жылының ішінде қосымша пайдалануға берілетін сол 153 мектептің 60-ы апатты жағдайда тұрған мектептердің орнын, 12-сі үш ауысымдық мектептердің орнын басуы тиіс», — деді А.Сарінжіпов.