10 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерке қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерке қатысты сот үкімі шықты

10 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерке қатысты сот үкімі шықты

Сейсенбі күні Алматының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық соты 10 жасар қыздың абыройын аяқ-асты етпек болған еркекті

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz


15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі жетекшісі Қуандық Ешімет хабарлады.
Оның айтуынша, сот қылмыскерді өмір бойы педагогтік және тәрбиелеуші қызметімен айналысу құқығынан айырды және түрмеде ішімдікке әуестіктен күштеп емделеді. Сонымен қатар, ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді, деді Қ.Ешімет.
Іс материалдарына сүйенсек, биылғы жылы 12-мамырда ол Радостовец көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде мектеп оқушысына шабуыл жасаған. Еркектің кішкентай қызға қатысты жасаған жыныстық сипаттағы әрекетін бейне-бақылау камералары жазып алған.

Соңғы жаңалықтар