10 жастағы оқушы ЭКСПО қонақтары үшін мобильді қосымша әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 жастағы оқушы ЭКСПО қонақтары үшін мобильді қосымша әзірледі

10 жастағы оқушы ЭКСПО қонақтары үшін мобильді қосымша әзірледі

Астананың 10 жастағы оқушысы Аймен Нұржан «ЭКСПО» көрмесінің қонақтарына арнап мобильді қосымша әзірледі.

  • 17 Ақпан 2017
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Гид-ЭКСПО» қосымшасының көмегімен көрме павильондарын оп-оңай табуға болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Елордамызда жазда өтетін халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне шеттен де, елден де қонақтар ағылатыны белгілі. Көрмеге келген адам ең бірінші әр елдің павильонын көріп, танысқысы келеді. Осы орайда қонақтарға ыңғайлы болу үшін астаналық оқушы «гид-ЭКСПО» мобильді қосымшасын әзірледі. Оның көмегімен сіз тек көрмеге қатысатын елдердің ұлттық павильондарының геолокациясын ғана емес, мейрамхана, такси , автобус, анықтама бюроларының да қайда орналасқанын біле аласыз.

Өнертабыс авторы Аймен Нұржан IT-технологияға бала кезінен қызығады екен. Мобильді қосымша дайындауға оған «Болашақ» бағдарламасының түлектері де көмектескен.


«Жаңа дүние жасап шығару бала кезден бергі арманым. Адамдарға көмегі тиетін дүние. Елімізде «ЭКСПО» секілді ауқымды шара өтетінін естігенде, қатысқым келіп кетті. Астанадағы бағдарламалау мектебінде біздің мұғалімдер маған мобильді қосымша әзірлеуге көмектесті. Жазда келетін қонақтарға пайдасы тиер деген үміттемін», — дейді Аймен.

Соңғы жаңалықтар