"10 жыл күттім": Динара Сұлтан 5 баламен қалай тұрмысқа шыққанын түсіндірді (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"10 жыл күттім": Динара Сұлтан 5 баламен қалай тұрмысқа шыққанын түсіндірді (видео)

"10 жыл күттім": Динара Сұлтан 5 баламен қалай тұрмысқа шыққанын түсіндірді (видео)

Динара Сұлтан бес баламен қалай тұрмысқа шыққанын түсіндірді.

  • 16 Шiлде 2019
  • 277
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші Динара Сұлтан 5 баламен тұрмысқа шығу туралы қалай шешім қабылдағанын айтып берді. Бала күнінен армандаған тойын күйеуімен көңіл жарастырған 10 жыл бойы күткенін айтты ол. Өнер иесі армандауды ұмытпаңыздар дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көп адамдар қалайша 5 баламен тұрмысқа шығуға болады деп түсінбей жатыр. Бәрі мүмкін. Ең бастысы тілеу керек. Шын айтамын. Әпкем бұрын ауылда бразилиялық телехикаялардағы осындай теңіздің жағасындағы үйлену тойларын көріп, армандайтынынмды айтты. Оның үстіне бұл күнді 10 жыл күттім", — дейді Динара Сұлтан.

Тек мұсылманша неке қидырып, бес баласы өмірге келгеннен кейін ғана үйлену тойын жасаған Динара Сұлтан бұл қылығына еш қысылмайды. Керісінше балаларының қатты қуанғанын, бұл ғажап сәтті ешқашан ұмытпайтынын айтып, ағынан жарылды ол. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dinara Sultan (@dinara_sultan1) on

"Менің балаларымды некесіз туған деп сөгіп жатқандарға айтқым келетіні неке аспанда бекітіледі. Біз үшін бұл шешіліп қойған. Біз күйеуіммен алғашқы танысқан жылы-ақ мұсылманша некемізді қидырдық. Ал үйлену тойы деген жақындардың басын қосуға себеп қана. Балаларымның 5 перзенті бар әдемі той көйлегін киген анасын көргенде қалай қуанғанын білсеңіздер ғой. Есесіне олардың есіне бұл күн мәңгі қалады", — дейді Динара Сұлтан.

Соңғы жаңалықтар