"1000 еуро ақшалай сыйлық жасайтын болды": Қыдырәлі мен Қарақат не үшін Түркиядан үй сатып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"1000 еуро ақшалай сыйлық жасайтын болды": Қыдырәлі мен Қарақат не үшін Түркиядан үй сатып алмақшы

"1000 еуро ақшалай сыйлық жасайтын болды": Қыдырәлі мен Қарақат не үшін Түркиядан үй сатып алмақшы

Белгілі әншілер Қыдырәлі мен Қарақат Түркияның Алания қаласынан сатып алғанға үй іздеуді бастады. 

  • 11 Қараша 2020
  • 846
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қарақат желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Алания қаласына келгендегі мақсатымыздың бірі,үй қарау болатын.Біздің үлкен отбасы үшін қонақ үйге тоқтау тиімсіз екенін ұқтық.
20 жылда демалысқа кеткен ақшаны есептесек, осы күнде Аланиядан 5-6 пәтер алатындай қаражат жұмсаған екенбіз.

Бүгін,халықтың сеніміне кірген,осы елдегі мықты құрылыс компанияларының бірі "Alanya homes" офисіне барып, болашақ үйімізге таңдау жасап қайттық.

Таңдау өте көп.Бағалары да әр түрлі және бөліп төлеу(расрочка)мүмкіндігі қарастырылған.
Жекеме жазып сұрап жатқан жандарға кеңесім,үй сатып алуға келгенде өте абай болған жөн. Сенімді компания арқылы шықпасаңыз,мұнда алданып қалу қауіпі жоғары. Бәсекелестік көп болғанда солай ғой…
Компания басшысы Нури бей қайырымдылықты көп жасайтын,иман жүзді жақсы адам екен.Менің атымнан хабарласып үй сатып алған отандастарыма /1000 €/ ақшалай,заттай сыйлық жасайтын болды. Ниетіне рақмет әрине,ыйлық алғанды кім жақсы көрмейді" деді әнші. 

Алайда  жұлдызды жұптың бұл шешімдерін көпшілік қолдай қомайды. Кейбірі әлде бір жағдай бола қалса шетелге кетуге дайындық па десе, енді бірі "намыс" жоқ деп сынады.Тағы бір оқырмандар түріктерді "жарнамалап жатырсыңдар" деп ренжісе, тағы бірі құттықтап сәттілік тіледі. Ал кейбір оқырмандар "Қанша дегенмен билікке жақын адамдарсыңдар ғой, бірдеңенің болатынын білетін шығар" деп болжады. 


Соңғы жаңалықтар