“101 өзбекті ашқұрсақ ұстап, ауыр жұмысқа салған”: Журналист тәжік жәрмеңкесіндегі қазақтар мен тұтқындағы аш өзбектерді салыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“101 өзбекті ашқұрсақ ұстап, ауыр жұмысқа салған”: Журналист тәжік жәрмеңкесіндегі қазақтар мен тұтқындағы аш өзбектерді салыстырды

“101 өзбекті ашқұрсақ ұстап, ауыр жұмысқа салған”: Журналист тәжік жәрмеңкесіндегі қазақтар мен тұтқындағы аш өзбектерді салыстырды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің 101 өзбекті тұтқындап, басқа халықтан оқшау ұстаған.

  • 28 Тамыз 2023
  • 297
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Соғыс кезінде атарға оғы таусылған, аштықтан бұратыла шегініп бара жатқан, жүзге тарта өзбек солдатына немістер қапелімде шабуыл жасап, тұтқынға алады. Бәрін Голландиядағы "Амерсфорт" атты концлагерге қамайды. Өзбектерді басқалар сияқты баракқа емес, ашық жердегі тікенекті сымтемірмен қоршалған жерге әкеп жатқызыпты. Оларды үнемі ашқұрсақ ұстап, ауыр жұмысқа салады. Басқа тұтқындар өзбектерді неге өздерінен сонша бөлектеп ұстайтынын, неге сонша мал секілді қарайтынын түсінбейтін. 

Нацистер бұл тұтқындарды "untermenschen" (недочеловеки) атаушы еді. Әрі бүкіл неміс халқына: — Міне шығыста осындай жабайы, адамдықтан мақұрым хайуандармен соғысып жатырмыз, — дейтін сылтау-идеология үшін керек еді. Осындай мағынада кино түсіру үшін, концлагерге Германиядан бір топ жоғары шенділер, кинооператорлар мен режиссерлер келеді. Лагердегі өзбектерді сапқа тұрғызып қояды. Бір уақытта әлгі жерге нан тиеген мәшинені алып келеді. Жоспар бойынша, тұтқындардың арасына нанды лақтырып жіберіп, олардың сол нанға таласқан сәтін кинокамераға түсіріп алу керек.

Сосын оны неміс солдаттарына көрсетіп: "Мынандай малдан бетер халықты аяушы болмаңдар!" деп айтқысы келеді. 

Нанды лақтырып кеп жібереді. Немістер оларды нанға таласып, бір-бірімен қырылысатын шығар деп тағатсыздана күтіп тұрады. Бірақ, жастау өзбек барып, лақтырылған нандарды жинап, араларындағы ең үлкенінің қолына апарып береді де, өзбектер малдас құрып отыра қалады. Нанды әрқайсысы еппен үзіп алып, келесі адамға береді. Әрқайсысы әлгі нанды алақанына аялап салып, "Хұдоға шүкір" деп барып жепті. 


Немістер не істерін білмей, абдырайды. Олар өзбектерді малдан төмен қылып бейнелеп, өздерінің қандай мәдениетті халық екенін көрсетпек болған ғой. Бірақ арам ойлары іске аспай қалады да, Орта Азиядан келгендер өздерінің мәдениеті қандай деңгейде екенін нацистерге дәлелдеп беріпті. 

Кейін ол тұтқындарды қалың орманға апарып, атып тастапты. Намысты нанға сатпа, — дегенге нақ мысал", — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны Астанада Тәжікстан жәрмеңкесінде болған оқиғамен салыстырды.

"Енді есіме Астанадағы Тәжік жәрмеңкесінде болған біздің бауырдың жасаған намыссыз іс-әрекеті түсіп кетті. Ех..", "Кешегі Астанадағы жағдайға мысал болар еді", "Керемет", — деп жазды олар. 

 

Соңғы жаңалықтар