"11 миллион теңге айыппұл": Ақбота Керімбекова жұлынған қызғалдақпен фотоға түсіп, халықтан сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"11 миллион теңге айыппұл": Ақбота Керімбекова жұлынған қызғалдақпен фотоға түсіп, халықтан сөз естіді

"11 миллион теңге айыппұл": Ақбота Керімбекова жұлынған қызғалдақпен фотоға түсіп, халықтан сөз естіді

Танымал әнші Ақбота Керімбекова “Қызыл кітапқа” енген қызғалдақ гүлімен фотоға түсіп, ескерту алды.

  • 19 Сәуiр
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші жеке парақшасына көктемнің символы саналатын сары қызғалдақтармен түскен фотосын жүктеді. 

“Әлем – әдемі, Көктем – әдемі. Мен және барша қазақтың қыздары әдемі. Әдемі қыздар, лайк басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің фотосының астына түрлі пікір жазып, ескерту айтты. 

“Айыппұл салатындар жетіп келмесін”, “Қолыңдағы сарғалдақ қызыл кітапқа енген бе еді?”, “Қызғалдақты жұлуға болмайды деген заңның барын білмейсің-ау”, “11 миллион теңге айыппұл мойныңа ілінді” – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында студент қыз “Қызыл кітапқа” енген «Грейг» қызғалдағын жұлып, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялағаны үшін жауапқа тартылмақ. 

Бұған дейін, сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде «Грейг» қызғалдағын жұлғандар қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 3 мың АЕК (11 млн 76 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылға бас бостандығын айыру/шектеу болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар