1,2 млн қазақстандық вакцинаның екі компонентін алды – Цой - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1,2 млн қазақстандық вакцинаның екі компонентін алды – Цой

1,2 млн қазақстандық вакцинаның екі компонентін алды – Цой

 

  • 10 Маусым 2021
  • 134
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакциналау барысы туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, жалпы, бүгінгі күнге дейін шамамен 3,6 млн доза вакцина қолданылған екен.

– Бірінші компонент 2 371 178 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын адамдардың 24%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды, деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, вакциналау орталықтарында вакцина дозалары жеткілікті – бірінші компоненттің шамамен 1,2 млн дозасы және екінші компоненттің 835 мың дозасы бар. Сонымен бірге, елге вакцина жеткізу жұмыстары да жалғасуда.


Министр жергілікті атқарушы органдарға вакцина бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар