12 млн теңге жалақыға әлем елін аралаушы саяхатшы іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 млн теңге жалақыға әлем елін аралаушы саяхатшы іздестірілуде

12 млн теңге жалақыға әлем елін аралаушы саяхатшы іздестірілуде

Тұтынушыларға пайдалы сатып алулар жасауға көмектесетін Wowcher британдық ұйымы арманындағы жұмыс ашылатындығын жариялады, компания жылдық жалақысы 25 мың фунт болатын саяхатшыны іздейді.

  • 30 Қазан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл 12 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лауазымдық нұсқаулықта айтылғандай, қызметкердің міндеттері әлемді аралап, әлеуметтік желілерді ұстауды қамтиды.

«Біз тек Wowcher Travel қаншалықты идеалды бола алатынын көрсеткіміз келеді», — делінген компанияның сайтында.

Бұл жұмысты алған адамдар 12 айдың ішінде 40 түрлі бағытта саяхаттап, не болып жатқанын суретке түсіріп, сапарлар туралы блог жүргізіп, әлеуметтік желілерде контент құруы керек.

Сонымен қатар, барлық сапарлар кезінде қызметкерге әр сапарда ауысып отыратын бір досын алуға рұқсат етіледі. Мінсіз үміткерден талап етілетін нәрсе — бұл 18 жас, төлқұжат және сапарға деген сүйіспеншілік.


Қосымша ретінде Instagram немесе Twitter-де «Мен неге бұл жұмысқа үміткермін» тақырыбындағы 30 секундтық бейнені жариялауыңыз керек, Wowcher компанисымен үш досын белгілеңіз. Өтінімдер 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар