Жарияланды: 830

12 мың қазақстандық ғалым ақшасыз қалмақ

12 мың қазақстандық ғалым ақшасыз қалмақ

Бұның себебі: «күрделі экономикалық жағдайға» байланысты салаларды қаржыландыру 51 пайызға қысқарады.

Бұл жаңалықты ғылыми-зерттеу институттарының басшылары шамамен бір ай бұрын естіген, бірақ қызметкерлермен бөлісуге асықпайды. Неге бұлай болып жатқанын, еріксіз үнемдеудің неге алып келетінін бізге инновациялық және білім беру мекемесінің ғылыми қызметкерлер салалық кәсіподақ төрағасы Марат Молдабеков айтып берді.

Тек қана ғарыш құрметке ие болады.

- Марат Зинадилұлы, ғылымды қаржыландыру екі есеге қысқарады деп бізді таңғалдырып тастадыңыз.

- Иә, қазан айының соңында Алматыда кеңес өтті. Сол кеңесте мемлекетімізде орын алған күрделі экономикалық жағдайға байланысты бүкіл жоба мен бағдарламаны қаржыландыру 50 пайызға қысқаратынын айтты. Оған қоса, мәселе тек болашақта іске асатын жобаларға қатысты емес, қазір болып жатқан жобаларға да қатысты. Мысалы, былай, ғалымдар тобы осы жылы қандай да бір жобамен жұмыс істеп, жетікстікке жетіп жатады, ал келесі жылы олардың жұмыстарын қаржыландыру тоқтатылады. Осының салдарынан, 12 мың ғылыми қызметкер жұмыссыз, ақшасыз қалайын деп тұр. Мәселенің ауқымдылығын түсіну үшін: бізде 2014 жылғы ресми дерек бойынша барлығы 26 мың ғылыми қызметкер бар. Яғни оның жартысы қықарып кетейін деп тұр.

Менің білуімше, тек ғарыштық ғылым мен нанотехнологияны қаржыландыру ғана тоқтатылмайды деп шешім қабылданған. Егер қазір бұл бағытты дамытуды тоқтататын болсақ, онда біз әлемнен жиырма жылға кейін қалып қоямыз дейді. Шынымды айтсам, бұл дау тудыратын шешім, себебі осы нанотехнология арқылы тым құрығанда Ресеймен бәсекелесе аламыз ба, жоқ па, белгісіз.

Жаңа өзіңіз кеңес шамамен бір ай бұрын болды дедіңіз. Неге ол мәселе енді ғана айтылып жатыр?

 – Ол шағын кеңес болды, ірі ғылыми-зерттеу институттарының басшылары ғана қатысты. Олар кеңестің хаттамасына сай мәселені құлақтандырмайды. Қазір олар Білім және ғылым министрлігіне бекітілген бюджет шеңберінде жұмыс істеу үшін өз ұсыныстарын жасауы керек.  

Әрине, бір жағынан, жағдайды түсінуге болады – экспорттық тауарымыз үшін төмен бағалар, экономикалық дағдарыс. Бірақ көшедегі кез келген адамды тоқтатып, жағдайды айтсаңыз – есеңгіреп қалады, себебі бізде онсыз да ғылымға көңіл бөлінбейді, ал бұл шешім оны біржола жоқ қылып жіберуі мүмкін.

– Сіз ғарыштық ғылым мен нанотехнологияны қаржыландыруға қатысты күмәніңізді айттыңыз.  Сонда сіздіңше қандай саланы дамытқанымыз жөн?

– Біздің экономикамызда қай сала басым түседі? Тау-металлургия кешені, мұнай өнеркәсібі. Міне, осы ғылымды дамыту керек. Ауыл шаруашылық ғылымы мемлекет үшін кез келген уақытта маңызды.  

Айтпақшы, ауыл шаруашылығын айта кетсек. Бұл саланы қаржыландыру үлесті түрде болады. Бірінші үлесті 2015 жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемінің 30 пайызын агроном-ғалымдар наурыз айында алған. Шамамен екі апта бұрын агроғылым қалған қаржыны сол күйі алмағанын білдім. Бұл жағдай әсіресе жас мамандар үшін қиын, олардың жалақылары да төмен, баспаналары да жоқ. Ғалымдардан бұл қалай болғаны деп сұрадым. Бұл мәселені неге көтермейсіңдер? Сонда олар күрсініп, наразылық танытып бастасаң, мүлдем қаржы бермей қоюы мүмкін дейді.

Ұлтымызды алға бастайтын ғалымдарымыздың күйі осы...

– Біздің ғалымдар жүйеге көнгіш болып келеді. Оның көрінісі ретінде мына деректі айтсақ болады, әр жылдың алғашқы екі-үш айында ғылыми-зерттеу институттары ақшасыз отырады. Бұған наразылық танытқандар бар ма? Жоқ, бәрі үнсіз шыдайды.

Ғалымдардың жұмыстан шығарып жібереді деп қорқып, басшылықтың әділетсіз шешіміне көз жұма қараған көптеген жағдайды еске түсіре аламын. Бірақ бұдан не шығады?

Сонда да айта кетсеңіз?

– Мысалы, соңғы жылдары, қандай да бір жобаға ақша бөлу, бөлмеу керек екенін ұлттық ғылыми кеңес шешеді. Бастапқы кезде бұл бәріне ұнаған: ғылыми бірлестік мемлекеттік сараптамадан өткен болашағы бар, қызықты жобаларды өздері таңдайды. Бірақ қуанарлықтай болмады, кейбір бірлестік мүшелері әділестіз болып, басқа ғалымдарды тартып, кейбір ғалымдардың өтініштерін қабылдамайтын болды.  Осылай, «Энергетика және машина жасау» бағытындағы мемлекеттік сараптамада жоғары көрсеткішке ие болған жобалардың 37 пайызы қаржыландыруға ие болмады.  «Ақпараттық және телекоммуникациялық технология» бағытында 68 пайыз. Оған қоса, жеңімпаз-жобаларға қарағанда сараптама жоғары баға берген жобалар да кездеседі.

Сондай жағдай да болған, себебі ғылыми бірлестіктің кейбір мүшелері сол жобаның жеңіске жетуіне ат салысқан, өйткені өздері соны зертеуші топтың құрамында болған. Білім және ғылым министрлігі де біздің күдігімізді растады, бірақ жағдай өзгерген жоқ. Себебі жобаларды қаржыландыру басталып кеткен, ақшаны кейін бюджетке қайтару мүмкін емес еді.

Алайда болашақта ондай қайталанбайды деп үміттенемін. Жазда баспасөз беттерінде осы мәселені көтергенмін. Сол кезде бір белгілі академиктен жауап келген. Ол да осы мәселені көтеріп, өзінің өтпей қалған жобасын айтты. Бірақ мен әділеттікке қол жеткізуді ұсынғанымда, ғылыми бірлестікке де, Білім және ғылым министрлік басшылығына да ешқандай наразылығы жоқ екенін жазды. Неге олай істеді? Жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан болу керек. Жұмыссыз қалса не істейді? Өмір сүруге ақшаны қайдан алады?

Бизнеске қазақстан ғылымы қажет емес

– Менің білуімше, соңғы шыққан «Ғылым туралы» заңның ең негізгі тарауларының бірі ғылыми қызметтерді коммерциялау болатын. Ғылыми жобаларды соған қызығушылық танытқан бизнес өкілдері қаржыландырады, нәтижесінде бәріне тиімді болады деп жоспарланған.

– Иә, ондай болған. Кез келген ғылыми жоба мақұлдауды қажет ететінін түсіну керек. Нақтырақ айтқанда, олар мақұлданып, сосын таралу үшін ғылыми жұмыс, жоба, өндіріс көп болуы керек. Ал бізде жоба жасайтын институт пен оны іске асыру үшін бизнеспен айналысатын кәсіпорын да жеткіліксіз. Себебі ғылыми жобаларды іске асыра алатын кәсіпорындар шетелдік инвестордың басшылығында. Әрине, шетелдік ғылыми жобаларды өндіріп жатқаны да айдан анық.

Сондықтан да, менің ойымша, қазір ғалымдар өздерінің ғана мәселелерін айта бермей, біздің экономикамыздың қайта бағдарлауға мұқтаж екенін қозғау керек. Өйткені мықты экономика болған жағдайда ғана ғылымның дамуына сене аламыз.

Анна ВЕЛИЧКО, Астана

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін