Жарияланды: 330

14 жастағы қыз ағасына бола көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

14 жастағы қыз ағасына бола көшеде жалаңаш жүруге мәжбүр болды

Пәкістан полициясы 14 жасар қызды Дера-Исмаил-Хандағы Гарахмат ауылында жалаңаш жүруге мәжбүрлеген тоғыз ер адамды тұтқындады. Қылмыскер осылайша жергілікті қыздардың бірімен көңіл қосқан жасөспірімнің ағасын жазаламақ болған екен.

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

27 қазан күні 14 жастағы қызды ағаларының көзінше тоғыз ер адам алып қашып кеткен. Олар қызды суға бара жатқан жерінен ұстап алып, бейтаныс үйге алып барған. Сол жерде қызды ұрып, көше бойымен жалаңаш жүруге мәжбүрлеген.

Қызды ағасының сүйіктісінің туысқандары алып қашқан екен. Дәл қазір жергілікті полиция олардың сегізін ұстады. Ал біреуі бостандықта жүр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін