Қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы қылмыскерді іздестіруге тартылды.
«Баукеспеден Түркістанның 38 жастағы тұрғыны Гүлжамал Жәркенова зардап шеккен. Үй иелері жоқ кезде пәтерге кірген қаскүнемдер қымбат тұрмыстық және компьютерлік техниканы, алтын әшекейлер мен ақша қолды еткен. Жалпы шығын 1,5 млн теңгені құраған», — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Бір ай ішінде полицейлер оларды ұстап, ұрланған заттарды иелеріне қайтарды. Алдымен 1995 жылы туылған Түркістан тұрғыны қолға түсті, артынша ұрының сыбайласы 1997 жылы туылған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір қылмыстық топтың үшеуі қамауға алынып, екеуі іздестірілуде. Әзірге олардың өзгенің мүлкін тонауы бойынша 15 факті анықталды, жалпы сома 5 млн астам теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сот алды тергеу жүргізілуде.