15 сәуірде қазақ-қырғыз шекарасында "Ақ Жол" бақылау-өткізу пункті салтанатты түрде ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 сәуірде қазақ-қырғыз шекарасында "Ақ Жол" бақылау-өткізу пункті салтанатты түрде ашылады

15 сәуірде қазақ-қырғыз шекарасында "Ақ Жол" бақылау-өткізу пункті салтанатты түрде ашылады

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 15 сәуірде қазақ-қырғыз шекарасында "Ақ Жол" бақылау-өткізу пункті салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетіне сілтеме жасай отырып.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 821
Фото - Caravan.kz

«Бұл бақылау-өткізу пунктінің жөндеу жұмыстары Қырғызстан жағынан 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде «Ақ Жол» бақылау-өткізу пунктінің құрылысына жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 635 мың АҚШ долларын құрады. Бұдан өзге арнайы құрал мен кеден және шекара қызметтерінің үй-жайларына жиһаз сатып алуға 310 мың доллар бөлінді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мұның барлығы Еуроодақ пен БҰҰ Даму бағдарламасының Орта Азияда шекараны басқаруға және есірткі таралымының жолын кесуге ықпал ету бойынша бағдарламаларды қаржылық қолдауы арқасында мүмкін болды. Сонымен бір мезгілде елдің оңтүстігінде тағы бір «Қарасуу» өткізу пунктінің инфрақұрылымын құру жұмыстары жүргізілді. Ол 14 сәуір күні пайдалануға беріледі, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қырғызстанның көршілерімен ынтымақтастығының белсенділігін арттыру елдің оңтүстігі мен солтүстігіндегі магистральды экономикалық қақпаларын жедел арада қайта құру және қайта жабдықтау, оларды халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажеттігін тудырды, деп атап көрсетіп отыр Қырғызстанның мемлекеттік кеден комитеті. «Ақ Жол» бақылау-өткізу пунктін қайта жөндеу жұмыстары аяқталған соң Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы жүк ағыны мен жолаушылар тасымалы бірнеше есе ұлғаяды, деп көзделіп отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Бішкек — Алматы тас жолында орналасқан «Ақ Жол» арқылы күн сайын 2 мыңнан астам көлік өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті