Жарияланды: 30

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталған жігіт босатылды

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталған жігіт босатылды Сурет - Otyrar.kz

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ақтөбелік 17 жастағы жігіт бостандыққа шықты.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өткен жылдың шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер  үйден бірінші рет қашып кеткен. Кейін осы оқиға қайта қайталанған. Оларды іздеген қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды сұраған. Нәтижесінде, ер жігіттің 16 жасқа толмаған қызбен интимдік қатынасқа түскені дәлелденген. Сол себепті сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған. Аппеляциялық сотта сот үкімі қайта қаралып, бозабалаға 1,6 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.  

МҰРАТҚОЖА АМИТОВ, АДВОКАТ:
"Соттың ескерген жағдайлары оның 55 баптың ҚК  ескере отырып, оның кәмелетке толмағандығын және жәбірленушілер кешіргендігін, мінез-құлқын бәрін ескере ала отырып, оның жазасын қамақтан босатудан, бас бостандығынан шектеуге ауыстырды".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін