"15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін": Оңтүстік Кореяда қашып, қамауға алынған екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін": Оңтүстік Кореяда қашып, қамауға алынған екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды

"15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін": Оңтүстік Кореяда қашып, қамауға алынған екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды

Оңтүстік Кореяда қашпақ болған екі қазақстандықтың жағдайы туралы ақпарат тарады. Бірі жақын арада елге қайтарлады, ал 3 күн іздеуде болған екінші азамат 3 айға қамауға алынды.

  • 30 Наурыз 2023
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты Korea Komek қоры таратты. 

Бұған дейін 26 наурызда 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Бір азамат сол күні ұсталса, екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілді. 

Қазір екі қазақстандық та қамауға алынған. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан. 

Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады.


Ал Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бірақ ол өз еркімен берілгендіктен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескерілуі мүмкін.

Қазақстандықтардың бұл әрекеті Оңтүстік Корея жұртшылығын дүрбелеңге салып, наразылық тудырды. Салдарынан соңғы екі күнде Кореяда жүрген 23 отандасымыз Қазақстан азаматы болғаны үшін жұмыстан қуылған.