"15-20 жыл теледидар көрмеген жөн": Регрессологияны насихаттайтын Жанат Бақыт жер сілкінісі жайлы періштелерінен сұрап білді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"15-20 жыл теледидар көрмеген жөн": Регрессологияны насихаттайтын Жанат Бақыт жер сілкінісі жайлы періштелерінен сұрап білді

"15-20 жыл теледидар көрмеген жөн": Регрессологияны насихаттайтын Жанат Бақыт жер сілкінісі жайлы періштелерінен сұрап білді

Регрессология атты ілімді насихаттап жүрген Жанат Бақыт  періштелермен тілдесіп, әлемде болып жатқан жер сілкінісінің себебін сұрап білді. Айтуынша, мұның бәрі жаңа дәуірге өтіп жатқанымыздан екен. Бұл туралы "Үстіңе бит қаптаса сілкіп тастауың  керек секілді", деп түсіндірген ол.

  • 9 Ақпан 2023
  • 4393
Фото - Caravan.kz

Апат жайында ақпарат көп болатынын айтып, қорқынышқа берілмес үшін әзірге теледидар, Тик Ток қарауды доғара тұруға да кеңес берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"-Жерде не боп жатыр өзі? Жер сілкінісі болып ел шулап қалды…
-Жер қалпына келіп жатыр. Жаңарады…
-«Ойбай Қазақстанда үйтеді-бүйтеді» деген қорқынышты ақпарат көп, оған не дейсіздер?-дедім мұңайып.
-Қорықпаңдар, ескі дәуірге жабысқандар қорқытатын болады. Сендер тек жұмыстарыңды атқарыңдар…-деді.
-«Жын-шайтан іштеріңе кіріп күнәҺар болдыңдар, бұл-жаза»,-деп дінді желеу қылғандар байбалам салуда,-деп таңертеңгі видеоларда көргенімді айттым.
-Жын-шайтан жоқ. Мүлде! Мүлде айтпаңдар, ауыздарыңа алмаңдар. Ол тек-қорқыныш… Біздің уақыт аяқталды…-деді Тәлімгер", — делінген жазбасында.

Осылайша періштелерімен құрған диалогын жариялаған ол жақында жатпланеталықтардың да байланысқа шығатынын айтып қалды.


Соңғы жаңалықтар