Жарияланды: 130

"16 жасар жасөспірім қыз ата-ананың рұқсатынсыз аборт жасата алады": Айгүл Орынбек Біртановтың отскавкаға кетуін талап етті

"16 жасар жасөспірім қыз ата-ананың рұқсатынсыз аборт жасата алады": Айгүл Орынбек Біртановтың отскавкаға кетуін талап етті

16 жасар жасөспірім қыз ата-ананың рұқсатынсыз аборт жасата ала ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі блогер Айгүл Орынбек фейзбуктегі парақшасында жазды

"Менің дене мүшемнен қолыңды тарт!

Отыз жыл бойы бүкіл қазба байлықты саттыңдар үндемедік!
Бүкіл компанияларды шет елдіктерге саттыңдар үндемедік!
Қазақтарды шет елдіктерге құл қылып жығып бердіңдер үндемедік!
Мүгедек балаларды алып жатыр деп, сап сау балаларды шет ел асырдыңдар! Онда да үндемедік!
Беттері қалың қара беттер сендер жерді де сатқыларың келді ғой!
Бүкіл қазақ көшеге шығып “Жер сатылмасын”-деп жүріп әрең мараторий қойғыздық!
Қаншама қазақ жігіттері осы жер үшін әлі түрмеде отыр!
Сендерге жеп отырғандарың аз болды ма?
Енді біздің мүшемізді сатып форбстың тізіміне кіргілерің келді ме?
Министр Біртанов ұсынған заңдарыңызды тікелей эфирде халықтың алдында, қазақ тілінде талдауға шығыңыз!

Министр Біртанов заңымен қоса отставкіге кетсін!

16 жасар Жасөспірімдер ата аналардың рұқсатынсыз медициналық бақылау жүргізе алады және өзіне керекті ота жасата алады. Яғни 16 жасар қыз екіқабат болып қалған жағдайда , врач ата анасының рұқсатсыз аборт жасай алады. Яғни қыздан шыққан эмбрион шет елге сатылымға шығарыла алады! Бұл да бір үлкен қылмысқа жол ашып беру деген сөз! Ұрпақты жою!

Қаралып жатқан заңды біртіндеп аударып осылай май шаммен қарау керек!". 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін