160 бала адам сатушылардан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
160 бала адам сатушылардан аман қалды

160 бала адам сатушылардан аман қалды

Мексика билігі 160 кәмелетке толмаған баланың адам сатушылардың құрығынан құтқарылғандығы туралы ақпарат таратты. Қылмыскерлер контрабанда арқылы өткізбек болған балаларды америкалық шекараның маңында тастап кеткен, деп хабарлайды ВВС.

  • 31 Наурыз 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Мексиканың көші-қон мәселесі жөніндегі институтының мәліметінше, ол балалар өздері сияқты елдің әр штатынан сату мақсатында ұрланып, кейін тастап кеткен 1900 түрлі жастағы ересек мигранттың арасында болған.

Бұдан бөлек, 200-ден астам бала ата-аналары мен билік өкілдері жүргізген іздестіру шаралары кезінде табылған. Мамандардың айтуынша, табылған адамдардың көбі қатты шаршаған және түрлі деңгейде жарақат алған.

Белгілі болғандай, миграттардың көбі Мексикаға Латын Америкасынан, ал кейбірі Сомали, Сирия мен Жапониядан келген болып шықты.