16-шы қабаттың балконынан аяғын салбыратып отырған балалар жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16-шы қабаттың балконынан аяғын салбыратып отырған балалар жұртты шошытты

16-шы қабаттың балконынан аяғын салбыратып отырған балалар жұртты шошытты

Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде балконда отырған балалардың суреті желіде талқыланып жатыр.

  • 26 Тамыз 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Балалар Алматы қаласы Бостандық ауданы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің балконында отырған. 

"Құрметті "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің тұрғындары, бәлкім мына суреттен өз балаларыңызды танитын боларсыздар. Күзетшіледің айтуынша, балалармен сөйлескен. Олар басында 10-қабатқа шыққан, сосын 16-шыға көтерілген. Осындай суреттен төбе шашығы тік тұрады", — деп жазған суреттің авторы. 

Алматы полициясы өкілдерінің айтуынша, балалардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. 

"102 каналына қоңырау түскен жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция осы іспен айналысып жатыр. Балалардың ата-аналарын іздеп жат ыр. Ата-аналардың салғырттығынан балалардың өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін", — деді полиция өкілдері. 


Құқық қорғау органдары тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен жұмыс жүргізеді. 

Соңғы жаңалықтар