Жарияланды: 450

17-маусымда Астанада жаңа үкіметтің бірінші отырысы өтеді

Ертең, 17-маусымда Астанада үкімет басшысы Даниял Ахметовтың басқаруымен жаңа үкіметтің бірінші отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, отырыста ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов 2003-жылғы республикалық бюджет туралы баяндама жасайды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Д.Ахметов басқаратын жаңа үкіметке Александр Павлов бірінші вице-премьер, Ахметжан Есімов үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылық министрі, Сауат Мыңбаев вице-премьер ретінде тағайындалғаны белгілі. И.Тасмағамбетов мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал сыртқы істер министрлігін Қасымжомарт Тоқаев, ішкі істер министрлігін Қайырбек Сүлейменов, білім және ғылым министрлігін Жақсыбек Күлекеев, қорғаныс министрлігін Мұхтар Алтынбаев, қоршаған ортаны қорғау министрлігін Айткүл Самақова, энергетика және минералды ресурстар министрлігін Владимир Школьник, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін Қайрат Келімбетов басқаратын болды. Басқа үкімет мүшелерінің міндетін бұрынғы министрлер кабинетінің мүшелері атқаруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть