1945 жылдың 3 мамыры: Берлинде немістердің 134 000 солдаты мен офицері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1945 жылдың 3 мамыры: Берлинде немістердің 134 000 солдаты мен офицері тұтқындалды

1945 жылдың 3 мамыры: Берлинде немістердің 134 000 солдаты мен офицері тұтқындалды

1945 жылдың 3 мамырында - соғыстың 1412-ші күні Берлинде Кеңес әскерлері немістердің 134 000 солдаты мен офицерін тұтқындады. Бұл туралы Кеңес ақпарат бюросының мәліметінде жария етілді.

  • 4 Мамыр 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Берлин қаласының солтүстік-батысында 1-ші БЕЛОРУС майданының әскерлері шабуыл жүргізе отырып, ВИЛЬСНАК, ГЛЕВЕН, ШТЮДЕ-НИТЦ, НИТЦОВ, ВЕЛЬГАСТ, ШТРОДЕНЕ, РИНОВ, ШПАТЦ, ХОЭН-НАУЕН елді-мекендерін ұрыспен алды. Сөйтіп, ВИТТЕНБЕРГ қаласының оңтүстік-батыс жағында Эльба өзені бойында одақтас американ әскерлерімен қосылды», — делінген мәліметте.

Ал 2-ші мамыр күні БЕРЛИН қаласында кешкі 21 сағаттан кейін майдан әскерлері қосымша 20 000-нан астам неміс солдаты мен офицерін тұтқындады, сондай-ақ госпитальдардағы 10 700 жаралы неміс солдаты мен офицері де қолға түсті.

«2-ші мамырда майдан әскерлері 100 700 неміс солдаты мен офицерін тұтқындаған болатын. Сонымен қатар осы күні 1-ші УКРАИН майданының әскерлері БЕРЛИН ауданында 34 000-нан астам неміс солдаты мен офицерін қолға түсіріп, 34 танк пен 140-тан астам дала зеңбірегін олжалады. Қолға түскендердің ішінде немістердің 236-ші жаяу әскер дивизиясының командирі, генерал-майор Робен де бар.    

Осылайша, 3-ші мамырға қарай БЕРЛИН аумағында 134 000-нан астам неміс солдаты мен офицері қолға түсті. Олардың 100 000-ын 1-ші БЕЛОРУС майданының әскерлері, ал 34 000-ын 1-ші УКРАИН майданының әскерлері тұтқындады», — делінген мәліметте.   

Сонымен қатар, 3-ші мамыр күні ПИЛЛАУ қаласының әрі портының оңтүстік батысында 3-ші БЕЛОРУС майданының әскерлері ФРИШ НЕРУНГ мүйісін жаудан азат ету үшін ұрыстар жүргізіп, КАЛЬБЕРГ ЛИП және КАЙЗЕРХОФ елді мекенін басып алды.

2-ші БЕЛОРУС майданының әскерлері болса шабуылды дамыта отырып, БАРТ, БАД ДОБЕРАН, НОЙБУКОВ, ВАРИН, ВИТТЕНБЕРГ қалаларын алып, 3 мамыр күні  ВИС-МАР-ВИТТЕНБЕРГ межесінде ағылшын әскерлерімен қосылды. Майдан әскерлері сонымен қатар, КРЕПЕЛИН, НОЙ КЛОСТЕ, БЮТЦОВ, ПОСТРОВ, ГОЛЬДБЕРГ, КАРОВ, МЕЙЕНБУРГ, ПУТЛИТЦ, ПРИТЦВАЛЬК және ПЕР-ЛЕБЕРГ елді мекендерін алды. Ал 2 мамырда болған ұрыстарда майдан әскерлері 10 600 неміс солдаты мен офицерін қолға түсіріп, 328 ұшақты олжалады. Қолға түскендердің ішінде еңбек міндеткерлігі істері бойынша 5-ші Штеттин округының қолбасшысы, генерал-майор Мато да бар.   

Бұл күні 4-ші УКРАИН майданының әскерлері де шабуылды дамыта отырып,  ЦЕШИН қаласын және ВАЛЬТЕРСДОРФ, БУТОВИЦЕ, ФРИДЭК, КАРВИННА, ПОГВИЗДУВ, ГОЛЕШУВ, ЛЕШНА, МАКОВ елді мекендерін алды. 2-ші мамыр күні болған ұрыстарда майдан әскерлері 1400-ден астам неміс солдаты мен офицерін тұтқындады.


2-ші УКРАИН майданының әскерлерінің шабуылдары сәтті жалғасуда.  Майдан әскерлері БРНО қаласының шығысында шабуылды үдете түсіп, ЛАЧНОВ, ЗЛИН, ОСТРОКОВИЦЕ, ШЕЛЕШОВИЦЕ, РАТАЕ, КРЖЕНОВИЦЕ елді мекендерін алды. 2-ші мамырда майдан әскерлері 1000-нан астам неміс солдаты мен офицерін тұтқындады.

Чехословакияның партизандары немістердің 16-шы танк дивизиясының командирі, генерал-майор Мюллерді тұтқындап, біздің әскерлерге табыстады.  

2-ші мамыр күні барлық майданда 53 неміс танкі мен өздігінен жүретін зеңбірегі қиратылды және жойылды.