19-сәуірде парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
19-сәуір, дүйсенбіде Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда "Электр энергетикасы туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығы қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады. Сондай-ақ, парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында депутаттар ҚР Конституциялық кеңесінің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың сақталуы туралы" жолдауын тыңдайды деп күтілуде. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін