1-қыркүйекте мыңдаған оқушы мектептеріне кіре алмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-қыркүйекте мыңдаған оқушы мектептеріне кіре алмауы мүмкін

1-қыркүйекте мыңдаған оқушы мектептеріне кіре алмауы мүмкін

Білім министрі оқушылардың  каникулын қысқартпауға уәде берді. Бірер күн бұрын  халықаралық сарапшылар 3 ай жазғы каникулдың тым ұзақтығын айтып, оны мейлінше азайтуға кеңес берген еді. Үлкен дауға айналып кете жаздаған мәселеге бүгін еліміздің бас мұғалімі жедел араласып  жазғы демалыстың  қысқармайтынын айтты.

  • 26 Тамыз 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бір қызығы осы жазғы демалыстың бітуіне бір апта қалғанын ескерсек, мыңдаған   оқушы 1 қыркүйекте білім ордаларына   кіре алмауы мүмкін. Мәселен, Ақмола облысындағы 2, Павлодардағы 2, Қарағандыдағы 1 мектепте жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Оның үстіне оқулық жайы әлі түбегейлі шешілмепті. Бұған облыс әкімдіктері жауапты деген министр  кітап сатып  алуға 8 миллиард 300 млн теңге бөлініп қойғанын мәлімдеді. Сөз соңында Сәрінжіпов 1 қыркүйекте университет табалдырығын алғаш аттайтын студенттерді қуантып қойды.  Еліміздің бас мұғалімі оқу ақысын қымбаттатпауға  уәде берді.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Биыл  мемлекеттік  жоғарғы оқу орындарында оқу ақысы көтерілмейді. Ол мемлекеттік грант бағасымен бірдей. Әрі грант құнында өзгеріс жоқ. Осылайша, сапалы білім алудың барлығына  бірдей қолжетімді болуына күш салып жатырмыз.