“2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті.” - Айнұр Тұрсынбаева өмірдің бумеранг екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті.” - Айнұр Тұрсынбаева өмірдің бумеранг екенін айтты

“2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті.” - Айнұр Тұрсынбаева өмірдің бумеранг екенін айтты

Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен өзінің қызықты оқиғаларымен бөлісіп отыратын.

  • 18 Қазан 2021
  • 4435
Фото - Caravan.kz

Ақын бүгін өзінің өмірін бумерангқа теңеп, бастан өткен оқиғасын тағы баяндады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

“Бумеранг немесе Алладан қайту…

Студент кезім.. Демалыс күні жатақханада босқа жатпайық деп М құрбымның үйіне бардық.. Ұйықтап жатқанбыз, айқай-шудан ояндық. Сөйтсек М-ның ажырасып кеткен жеңгесі дүниесін алып кетуге кеп жатыр екен.. Түсінгенім келін кедейлеу отбасынан. Дүниесін тиеп алған келін есіктің аузында тұрып, "ертең мына 3 қызыңыз мен құсап дүниесін тиеп әкеп тұрғанда, менің шешемнің қалай қиналғанын түсінерсіз" деді де шығып кетті.. Субхан Алла, 3 қыз да ажырасып келді.. Бас аяғы 7 немерени шешелері өле өлгенше бақты.. Былтыр қайтыс боларында "қыздарым, кешіріңдер, бәріне мен кінәлімін" депті..
Осыны естігенде басқа біреуге жамандық жасаймыз деп, өзімізге қастандық қылатынымызды түсіндім..

2003 жылы жақын құрбым ақшадан қатты қысылып далада қалды. Жалдап тұратын пәтері қуып шықты. Сонда қалтамдағы соңғы 30 мың теңгеме 1 айға пәтер жалдап бердім. Және сол пәтерін төлеп бергенімді міндетсінгендей көп жұмсайтын едім.. Содан ертесіне Қызылордаға айтысқа барып тұр-тура 300 мың теңге ұтып алдым..

Сонда берген садакамызды шын мәнінде өзімізге беретінімізді түсіндім..
Садақа ешуақытта байлықты кемітпейді екен!

2016 жылы есіктің алдында тұрған машинамды біреу соғып кетті.. Камера арқылы тапсам 18 жасар бала екен. Правасы да жоқ. "Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым ғой,шешем білсе жүрегі ауырады, айтпаңызшы" деп жылады. Әрине кешірмедім! Анасы да келді еңіреп. 1 айдай жүріп машинаны жөндеп берді.. Былай қарасаң менікі 100% дұрыс..
2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті.. Алла сақтағанда, жеңіл жарақат қана болған. Байқамай қалдым деп қызым еңіреді.. Содан ана баладан күнде кешірім сұрайміз.. Ол әрине кешірмейді.. Сенесіз бе тұп-тура 1 ай дегенде кешіріп, татуласып тарқастық.. Ал енді кімді кінәләймын..
Сол кезде біреуге жасаған қаталдықты өзімізге жасайтынымызды түсіндім..
Алла Тағала Құранда: «Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық істесе, соның сауабын көреді. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, соның зардабын татады», – дейді (Зілзәлә сүресі)”,- деп жазба
 


https://www.instagram.com/p/CVKGomjMECF/?utm_medium=copy_link

Желі қолданушылары: "Мәссаған, өмір иә?",Иә менде де осындай жағдайлар көп орын алады","Өмір бумеранг рас айтасыз","Сіздңң осындай жазбаларыңыз адамды қатты ойландырып тастайды","Өмірден сабақ алған адамсыз ғой, сізді құрметтеймін","Дұрыс айтасыз, бұл өмірде не істесең, сол өзіңе қайтып келмейінше өмірден өтпейсің дейді ғой",- деп өз пікірлерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар