"2 ақпаннан сақ болыңыз": Нумеролог халыққа маңызды ескерту айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"2 ақпаннан сақ болыңыз": Нумеролог халыққа маңызды ескерту айтты

"2 ақпаннан сақ болыңыз": Нумеролог халыққа маңызды ескерту айтты

Қайталанатын сандардан тұратын күнді көбі күтіп, отбасын құру, көлік алу сынды айтулы жоспарларын осы уақытқа жоспарлап жатады. Алайда, "Дәл 2 ақпан күні мұндай маңызды істеріңізді кейінге ысырыңыз және барынша сақ жүріңіздер!", деп нумерологтар дабыл қағып отыр.

  • 2 Ақпан 2023
  • 294
Фото - Caravan.kz


Себебін Caravan.kz медиа-порталына белгілі маман Құралай Бақыт түсіндіріп берді. 

"Ең бірінші ескерту эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз. 2 саны эмоциямен байланысты. Ал, күнтізбенің бүгінгі күнінде 2 саны өте көп. 2 кез келген нәрсені тез тартатын қасиетке ие. Жаман болсын, жақсы болсын тез тартылады. Сондықтан, барынша байқап жүріңіз. Жақындарыңызбен ұрсысып қалмауға тырысыңыздар. Жалпы, ақпан айы осы жылдың қиын айларының бірі. Осы айда алыс сапарға шығу, ота жасату деген сияқты күрделі істерді кейінге қалдыра салыңыз. Бұл айда адамдардың көп күйзеліске түсуі қалыпты. Осы айдың ауыр күндері: 9 ақпан, 22 ақпан", — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар