2 күнде 10 мыңнан астам мектеп түлектері ҰБТ-дан шекті деңгейге жете алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 күнде 10 мыңнан астам мектеп түлектері ҰБТ-дан шекті деңгейге жете алмады

2 күнде 10 мыңнан астам мектеп түлектері ҰБТ-дан шекті деңгейге жете алмады

2-3 маусым күндері Ұлттық бірыңғай тестілеуде 10 мыңнан астам мектеп түлектері шекті деңгейге жете алмады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО).

  • 5 Маусым 2014
  • 504
Фото - Caravan.kz

ҰТО ақпараты бойынша 2-3 маусым күндері тестілеуге 43498 түлек қатысты, оның 30958-і қазақ тілінде оқитындар, 12540-ы — орыс тілінде оқитындар. 2 күнде 2 түлек: Халықаралық білім корпорациясы (Алматы) базасында тест тапсырған №178 лицей түлегі Айғаным Әбдіжапар мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында тесті тапсырған Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия түлегі Әсия Марат ең жоғары — 125 балл балл жинады.

ҰТО-дан  хабарлағандай, 2 маусым күні 6229 түлек, ал 3 маусым күні — 3883 түлек шекті деңгейді еңсере алмады. Бұл ҰБТ тапсырғандардың жалпы санының 23,25 пайызы. Тестілеудің 2 күні ішінде 2 522 тесті тапсырушы пәндердің бірінен қанағаттанғысыз баға алды.