2 млн жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйегі табылды
|
Жайық өзенінің түбінен ертедегі мүйізтұмсық сүйегі табылды. Құнды жәдігерді жергілікті жұмысшылардың бірі 9 метр тереңдіктен анықтаған. Олар су түбінен құрылысқа қажетті материалдарды алу кезінде жануар қалдықтарына тап болыпты.
Табылған қалдықтар қазір сараптамаға жіберілген. Олар мүйізтұмсықтың нақты жасын анықтауы тиіс. Шамамен 2 млн жыл бұрын өмір сүрген бұл жануар өз тұқымдастары ішіндегі ең ірісі дейді мамандар. Хайуанның биіктігі бес, ені екі метрге дейін жеткен. Тек өсімдікпен қоректенетін олардың салмақтары 5 тонна болыпты. Мамонттармен бір уақытта өмір сүрген жануардың сүйегі арнайы сараптамадан соң мұражайға жеткізіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін