2 мың ешкі тиелген ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды
![]() |
Жүк салатын орынға екі мың ешкі тиеген сингапурлық әуе кемесі Сиднейден Куала-Лумурға бара жатқан. |
Шамамен жарты жолға жеткен кезде Boeing 747-400 экипажы ұшақтың жүк салынатын бөлігі түтіндеп жатыр деген мәлімет түскен. Мұның саларынан ұшақ индонезиялық аралдардың біріне апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
Жүк салынатын орынды тексеру еш нәтиже берген жоқ. Бірақ ешкілердің жанына жақындау тіпті мүмкін болмады. Сарапшылар «түсініксіз түтінді» Малазияға апара жатқан ешкілерге жолға шығар алдында берген жемазықтан көріп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін