Жарияланды: 540

2 жылда ОҚО-дағы 141 елді мекен табиғи газмен қамтамасыз етіледі

Алдағы 2 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының 141 елді мекені табиғи газ желісіне қосылады, деп облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов мәлім етті.

Оның айтуынша, ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов «Самұрық-Қазына» қорының басшылығымен газ құбырының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. «Самұрық-Қазына» осы жобаны қаржыландыруға «Қазтрансгазға» Т8,5 млрд бөлу туралы шеншім қабылдады, ал Т7 млрд облыстық бюджет есебінен бөлінетін болады», - деді ол. Екі жылда 141 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі. «Егер қазір бізде 170 елді мекен газбен қамтамасыз етілсе, енді екі жылда оған 141 елді мекен қосылады», - деді Б. Оспанов. Осылайша, елді мекендерді газдандыру мәселесі шешіледі. «Бейнеу-Бозой» газ құбырының аяқталуын күтудеміз. Сол бітісімен қалған 7 ауданды газ� �андыру керек», - деді Б. Оспанов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін