20 ақпанда саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 ақпанда саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастайды

20 ақпанда саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастайды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

  • 19 Ақпан 2016
  • 622
Фото - Caravan.kz

«Бүгін сайлауға қатысатын саяси партияларды тіркеу аяқталды. Ертеңгі күннен бастап саяси партиялар өздерінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Бұл жұмыс 18 наурыз күні сағат 24.00-де аяқталуы тиіс», — деді ол.

ҚР ОСК төрағасының атап өтуінше,  Қазақстан халқыАссамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарына кандидаттарды ұсыну ертең, 20 ақпанда басталып, 29 ақпанда аяқталатын болады.

«Сайлау туралы» Заңға сәйкес Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну Ассамблея кеңесіне тиесілі», — деді Қ.Тұрғанқұлов.