Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың бірнеше жерден пышақталған денесі өткен жұма күні табылған болатын.
Тексеру барысында болған мән-жайды қыздың 9 жастағы інісі көзбен көргені анықталды.
Қазір күдіктінің аты-жөні анықталды. Ол 34 жастағы алматылық болып шықты. Күдікті дәл сол күні ықшам аудандардың біріндегі 25 қабатты үйдің 21-ші қабатынан құлап көз жұмыпты.