"200 миллионды халыққа қайтарып берсін": Роза Әлқожаның аталған соманы алғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"200 миллионды халыққа қайтарып берсін": Роза Әлқожаның аталған соманы алғаны рас па?

"200 миллионды халыққа қайтарып берсін": Роза Әлқожаның аталған соманы алғаны рас па?

Роза Әлқожа "гив" ойнатып миллиондаған ақшаны қалтасына салды ма? Оқиғаның ашығын өзі айтып берді 

  • 19 Сәуiр 2021
  • 622
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Уақыт көрсетеді"  ютуб арнасында әншінің басын қара бұлт шалғаны жөнінде әңгіме өрбіді. 

Роза Әлқожа гив ұтыс ойынына қарсы екенін айтып берді. Амал жоқтан ақша керек болған соң келісуіме тура келді дейді әнші. Бірақ халық келісілген 2 миллион соманы 200 миллион деп түсінген. Халық Роза Әлқожадан 200 миллионды қайтарсын деп талап еткен. 

Бағдарлама барысында гив ойнатпастан бұрынғы келісімшартты талқыға салды. Әнші өзімен бірге келісімшартты ала келген. Әншінің айтуынша, 8-9 наурыз күндері концерті болатындықтан, келісімшартты бұзып шығып кеткенін айтты. Келісімшарт желтоқсан айында жүзеге асқан. Роза ханым бір жарым миллионды алғанын жасырмады. Келісімшартты бұзбауды өтінген жігіттер тағы үстеме ақша төлейтіндерін айтқан. Бірақ, әнші келіспедім деді. 

Әнші қазіргі таңда, отбасы ошақ қасындағы қарапайым әйелмін дейді. 


Роза Әлқожа орамалын не үшін шешекенін де жасырмады. Көп нәрсені тастауыма тура келді. Мен орамал таққан соң, боянып жүремін. Оның бәрі дінге қайшы деп ағынан жарылды әнші. 

 

 

Әнші "Кеш жарық, Қазақстан!" бағдарламасында қолын сындырып алғанын тілге тиек етті. 

Соңғы жаңалықтар