2003 жылы АҚШ Иракта соғыспау керек еді - Хилари Клинтон - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003 жылы АҚШ Иракта соғыспау керек еді - Хилари Клинтон

2003 жылы АҚШ Иракта соғыспау керек еді - Хилари Клинтон

АҚШ экс мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон жұмада кезінде Иракта әскери операция жүргізу идеясын қолдап дауыс бергенім қате болды, деп мәлімдеді.

  • 13 Маусым 2014
  • 383
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол француздық "Франс-энтер" радиостанциясының эфирінде айтты.

Иракқа 2003 жылы басып кірудің нәтижесінде Саддам Хусейн режимі құлатылды. Иракқа басып кіру мәселесін талқылау кезінде Х.Клинтон Нью-Йорк штаты атынан сенатор болған. Онда америкалық әкімшілік ирак басшылығы экстремистермен сыбайласып, жаппай жою қаруын дайындауда, деп мәлімдеген болатын. Алайда кейін ол айыптаулардың дәлелі табылмады.