Жарияланды: 580

2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облысында міндеттемелер бойынша жалпы берешек 182,8 млрд. теңгені құрады

Жедел ақпараттарға сәйкес, 2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Маңғыстау облысында міндеттемелер бойынша жалпы берешек 182,8 млрд. теңгені құрады.

Соның ішінде өтеу мерзімі өтіп кеткен берешек 15,3% немесе 28,0 млрд. теңгені құрайды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (165,4 млрд. теңге) міндеттемелер көлемі 10,5%-ке немесе 17,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Соның ішінде өтеу мерзімі өтіп кеткен берешек мөлшері 11,4%-ке немесе 3,6 млрд. теңгеге азайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық статистикалық басқармасынан хабарлады. Міндеттемелердің негізгі бөлігін банк және банктен тыс мекемелерден алған несие иемденіп, 33,7%-ті құраса, мердігерлер мен сатушылар арасындағы борыш 19,8%-ті, бюджетке берешек 6,3%-ті құрайды. Өтеу мерзімі өтіп кеткен борыштың 81%-ін (22,7 млрд. теңге) өнеркәсіптік қызметтер құрайды. Соның ішінде өнеркәсіп саласындағы жалпы берешек көлемінің 40,3%-і (11,3 млрд. теңге) электр қуаты, газ және су өндіру және тарату жөніндегі кәсіпорындардың үлесіне тиіп отыр. Ал тау-кен өнеркәсібінің жалпы берешегі 34,4% немесе 9,6 млрд. теңгені құрайды. Есеп берген 52 өндірістік кәсіпорынның 75%-і немесе 39-ы мерзімі өтіп кеткен берешек иелері. Электр қуаты, газ және су өндіру және тарату жөніндегі кәсіпорындар арасында мұндай борышқорлар 76,5% (17-нің 13-і), тау-кен өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында 69,6% (23-тің 16-сы), ал өңдеу өнеркәсібінде 61,1% (18-дің 11-і) болды. 2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен жұмысшылар мен қызметкерлерге айлық жалақы жөнінен мерзімі өткен берешек 2443,5 млн. теңге шамасындағы жалпы берешектің 14,9 %-ін (363,2 млн. теңге) құрады. Соның ішінде 8,4%-і немесе 205,4 млн. теңге 3 айдан артық мерзімге кешеуілдетілген берешек болып табылады. Мерзімі өткен жалақы берешегінің құрамын экономикалық қызмет түріне қарай алып қарағанда, басым бөлігін (57,7 %) өнеркәсіп саласындағы берешек иемденеді. Соның ішінде 1%-і (3,8 млн. теңге ) - тау-кен өнеркәсібінің, 27,6%-і (100,1 млн. теңге) өңдеу өнеркәсібінің , 29,1%-і (105,6 млн. теңге) электр қуаты, газ және су өндіру және тарату жөніндегі кәсіпорындардың үлесінде. Мерзімі өткен жалақы берешегі бойынша (76,7% немесе 220,7 млн. теңге) Ақтау және (37,6% немесе 136,4 млн. теңге) Жаңаөзен қалалары алда келеді. Соның ішінде 3 айдан артық мерзімге кешеуілдетілген жалақы берешегінің ең жоғары көлемі яғни, 70% немесе 143,4 млн. теңге Ақтау кәсіпорындарында тіркелді. 1-шілде күнгі жағдаймен мідеттемелер бойынша берешек дебиторлық борыштан 2,2 есе асты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть