2003-жылдың 6 айында прокурорлық бақылау шараларының арқасында 20 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілер өзгертілген немесе күшін жойған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 6 айында прокурорлық бақылау шараларының арқасында 20 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілер өзгертілген немесе күшін жойған

2003-жылдың 6 айында прокурорлық бақылау шараларының арқасында 20 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілер өзгертілген немесе күшін жойған

2003-жылдың 6 айында прокурорлық бақылау шараларының арқасында 20 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілер өзгертілген немесе күшін жойған. Бұл туралы бүгін, 25-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаев хабарлады.

  • 25 Шiлде 2003
  • 755
Фото - Caravan.kz

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде 8 мыңнан астам қарсылықтар қанағаттандырылып, заң бұзушылықты жою мақсатындағы 9100 ұсыныс бойынша шешім қабылданды. Жарты жылдық есеп қорытындысында мемлекеттік кіріс есебіне 5 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алынды. «Прокурорлар 50 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығын қорғады»,- деді І.Бақтыбаев.

ҚР бас прокурорының бірінші орынбасарының айтуынша, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің заңдылығына бақылау қою — прокурорлардың айрықша бақылау қызметі болып саналады. Айталық, өткен жарты жылдықта 290 млн. теңгелік мемлекет мүлкін талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексерулер нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзуға байланысты 50 процент деректер әшкереленді.
Алғашқы жарты жылдықта мемлекеттік мекемелер тарапынан кәсіпкерлер құқығын бұзуға қатысты 400 оқиға тіркелді. Осы деректер бойынша прокурорлық қадағалау құжатының негізінде 97 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды. І.Бақтыбаевтың айтуынша, сондай-ақ, көші-қон полициясы тарапынан оралмандардың құқығын бұзу оқиғалары жиі кездесуде. Ал қылмыстық процессте азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мәселесінде оңды өзгерістер байқала бастады. Уақытша тергеу қапастарында заңдылықты сақтауға байланысты кең көлемді тексерулер жүргізілді. Заңсыз қамауға алынған 20 азамат абақтыдан босатылды.
ҚР бас прокурорының бірінші орынбасарының айтуынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 365 қылмыстық іс әшкереленіп сотқа жіберілді. Олардың арасында ішкі істер мекемесінің 33 қызметкері, 19 әкім, 19 сот үкімін орындатушылар, 9 салық мекемесі қызметкері, сондай-ақ, кеденшілер, сот төрешілері мен қаржы полициясының қызметкерлері бар. Ал прокуратура мекемелері қызметкерлерінің өз қатарынан сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер көлік прокуратурасында кездесті.
Жалпы алғанда жемқорлық қылмыстар саны 7 процентке кеміді. Осындай ең көп қылмыстар саны Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Соңғы жаңалықтар