Жарияланды: 390

2003-жылдың 7 айында Әзербайжанда 5,196 млн. тонна мұнай өндірілді

2003-жылдың 7 айында Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (ГНКАР) мен оның қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындар 5,196 млн. тонна мұнай өндірді. Бұл жоспардағыдан 1,7% немесе 84,6 мың тоннаға артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ГНКАР баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл көлемнің 4,7 млн. тоннасы (өсім 0,5%) ГНКАР бөлімшелерінің, 495,2 мың тоннасы (өсім 13,7%) Бірлескен кәсіпорындардың үлесінде. Шілдеде ГНКАР 756,5 мың тонна мұнай өндірді, бұл жоспардағыдан 9,1 мың тоннаға немесе 1,2% артық. Оның 683 мың тоннасын мұнайгаз басқармасы, 72,7 мың тоннасын бірлескен кәсіпорындар өндірді. Болжам бойынша, 2003-жылы Әзербайжанда 15,25 млн. тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Оның 8,8 млн. тоннасы ГНКАР кеніштерінен шығарылса, 6,45 млн. тоннасын Әзербайжан халықаралық операциялық компаниясы өндірмекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть