Жарияланды: 400

2003-жылдың 7 айында елімізде сақтандыру сыйақысының көлемі 22,4 процентке артып, сақтандыру төлемдерінің көлемі 1,8 есе өсті

Елімізде 2003-жылдың 7 айында елімізде сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 22,4 процентке артып 14,4 млрд. теңгені, сақтандыру төлемдерінің көлемі 1,8 есе өсіп 2,1 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

Банк ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың шілде айында еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жалпы активтері 2%-ке артып 24,4 млрд. теңгеге , ал сақтандыру резерві 3,3%-ке артып, 12 млрд. теңгеге , жиынтық жеке капиталы 3,2%-ке артып, 7,8 млрд. теңгеге жетті. 2003-жылдың 1-тамызындағы жағдаймен елімізде сақтандыру іс-қызметімен айналысуға 32 сақтандыру ұйымы лицензия алса, соның ішінде 7 компания шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған, ал 1 компания өмірді сақтандыру қызметімен айналысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть