Жарияланды: 630

2003-жылдың алғашқы 5 айында мұнай және газ өндіруші компаниялар 20854,2 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді - ҚР ЭМРМ

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің (ҚР ЭМРМ) жедел ақпаратына сәйкес , 2003-жылдың алғашқы 5 айында мұнай және газ өндіруші компаниялар 20854,2 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 12,6 процент артық (2002-жылдың қаңтар-мамыр айларында өнім өндіру көлемі 18522,5 мың тоннаны құраған ). Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ЭМРМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен мерзімде мұнай экспорты 11,4 млн. тоннаны құрады, соның ішінде Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы 5,6 млн. тонна, КТК арқылы 5,4 млн. тонна, Ақтау айлағы арқылы 2,2 млн. тонна мұнай шетелдерге шығарылды. Биылғы жылы Кеңқияқ -Атырау мұнай құбырының мұнай жіберу кешенінің құрылысы аяқталды. Солтүстік Каспий жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда. Жалпы алғанда мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу жұмыстары толық көлемде орындалды. Мұнай өңдеу ауқымы өткен 5 айда былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 129,9 процент (3870 мың тонна) болды. Мұнай өңдеу зауыттарының барлығы да өңдеу деңгейін арттырды, атап айтсақ , Атырау мұнай өңдеу зауыты 40 процентке, Павлодар мұнайхимия зауыты 43,9 процентке , Харрикейн мұнай өнімдері компаниясы 18 процентке арттырды. Сонымен бірге, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінен хабарлауынша, 16-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы" жарлыққа қол қойды. Бағдарламаға сәйкес Қашаған кенішін игеруге бағытталған барлық жұмыстар одан әрі жалғасын таппақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть