Жарияланды: 470

2003-жылдың алғашқы жартысында елімізде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,6 процентке артты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері 1309,3 млрд. теңге болды . Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9,6 процент артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өнім мөлшері 10,8 процентке , ал өңдеу өнеркәсібінде 8,3 процентке, электр қуаты, су және көгілдір отын өндіру және тарату көлемі 7,6 процентке артты. Алғашқы жарты жылдықта көмір өндіру көлемі 1,3 есе, мұнай өндіру мөлшері 11,3 процентке, темір рудасын өндіру 13,3 процентке артты. Цемент өндіру ауқымы 15,7 процентке, темір және құрыштан жасалған прокат көлемі 1,7 проценке, фероқорытпа өндіру мөлшері 13,4 процентке ұлғайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін