Жарияланды: 490

2003-жылдың алғашқы жартысында Шығыс Қазақстан облысында 1,5 мың өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды

2003-жылдың алғашқы жартысында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 1,5 мың өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 10 процент артық. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде 1356 өрт тіркелген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ШҚО мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

ШҚО мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің мәліметіне жүгінсек, өрт салдарынан 41 адам қаза тапқан, бұл 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 8 процент (45) кем, сондай-ақ, 28 адам (2002-жылы 38) әртүрлі жарақаттар алды. Өрт салдарынан келген шығын 31,7 млн. теңгеге жетті, бұл 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37% артық. 234 нысан (152) мен 455 тонна жем-шөп (737) күйіп кетті. Облыстық өрт сөндірушілер 2884 адам (2717) мен 7,6 млрд. теңгенің (2,9 млрд. теңге.) материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан қорғап қалды. Өрттің шығуына себепкер болу және материалдық шығынға батыру деректері бойынша 25 қылмыстық, 722 әкімшілік іс қозғалды. 1,7 млн. теңге шығынның орны толтырылды. Өрттің шығуына себепкер болған факторларға келсек, 803 оқиға абайсызда өрт шығарып алуға, 226 оқиға - жылыту пештерін пайдалану кесірінен, 134 оқиға электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі тәртіптерін бұзуға, 113 оқиға қасақана өрт қоя беруге, 47 оқиға балалардың отпен ойнауына байланысты шықты. Өрт кезінде қазаға ұшырағандардың үштен екі бөлігі мас күйінде болған. Шыққан өрттер санымен Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар арасынан Семей - 347 өрт оқиғасымен бірінші орында тұрса, екінші орында Өскемен - 307, үшінші орында Риддер - 112 көрсеткішпен тұр. Облыс аудандары арасынан өрт санымен алдыңғы орында тұрғандарға келсек: Зырянов ауданында- 109 , Шемонаихада - 104, Глубокое ауданында - 86, Бесқарағайда - 83 , Бородулиха ауданында - 64 және Қотан Қарағай ауданында 57 оқиға тіркелді . Өрт салдарынан қайтыс болған 41 адам түгелдей жеке меншік секторда тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть